Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қанат Сәрсенұлы Кәрімов Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болып қабылданды

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі өкімімен  Қанат Сәрсенұлы Кәрімов Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болып қабылданды.

1964 жылғы 26 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында дүниеге келген.   

Екі жоғары білімі бар, 1986 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тарих мұғалімі, қоғамтану және кеңестік құқық мамандығы бойынша, 2001 жылы Заңтану және халықаралық қатынастар жөніндегі қазақ институтын заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. 

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі-19 жыл.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының, «Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарын атқарды.

Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы қызметіне қабылданғанға дейін «Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп- интернаты- музыкалық колледж кешені» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.