Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сансызбай Сапарұлы Төлеубаев Екібастұз қаласы әкімі кеңесшісінің міндетін атқарушы болып қабылданды

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі өкіміммен Сансызбай Сапарұлы Төлеубаев Екібастұз қаласы әкімі кеңесшісінің міндетін атқарушы болып қабылданды.

1964 жылы Целиноград облысы Ерейментау ауданының Бозтал ауылында туған. 

Білімі – жоғары, 1992 жылы Павлодар индустриалды институтын инженер-құрылысшы мамандығымен, 2003 жылы Павлодар мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі өтілі  – 24 жыл.

Еңбек жолын 1992 жылы «Күншалған» ұжымдық кәсіпорнында инженер болып бастаған.  

Әр жылдары түрлі лауазымды атқарған: Комсомол ауылдық округінің әкімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары,  Жер қатынастары бөлімінің бастығы, Шідерті кентінің әкімі. 

Екібастұз қаласы әкімі кеңесшісінің міндетін атқарушы болып қабылданғанға дейін Екібастұз қаласы мемлекеттік мұрағатының  директоры лауазымын атқарды.