Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Қолдар - емдеу-алдын алу ұйымдарында аурухана ішілік жұқпаны таратушы факторы»

Медициналық көмекпен байланысты жұқпалар жыл сайын әлем бойынша жүздеген миллион адамды зақымдайды. Олар аса күрделі ауруларға, ұзақ еңбек жарамсыздығына, науқастардың және олардың отбасыларының артық шығындануына әкеліп соғады, денсаулық сақтау жүйесіне қосымша қаржылық жүк түсіреді және сондай-ақ ең бастысы адам өмірі мен денсаулығы үшін трагедиялық зардапқа ие бола алады.

Қолдың тазалығы – бұл жұқпаны азайтудағы бастапқы шара. Алғаш көзге қарапайым сияқты көрінетін бұл іс-әрекет медициналық қызметкерлер арасында орындалмауы бүкіл әлем бойынша проблема болып саналады.

         Медициналық көмек көрсетумен байланысты микроағзалардың таралуы тікелей және тікелей емес байланыс, ауа-тамшы жолы және жалпы жолдар арқылы  жүреді. Медициналық қызметкерлердің контаминацияланған қолдары арқылы жұқпалану – көптеген мекемелерде аса кең таралған түр және ол мынадай бес қадам бойынша жүзеге асады:

1) микроағзалар науқас адамның терісінде болады, немесе науқас адамға жақын жатқан заттардан түседі; 

2) микроағзалар медқызметкерлердің қолына түсу қажет;

3) микроағзалар медқызметкердің қолында бірнеше минут уақыттай өмір сүруге қабілетті болу қажет;

4) қолды қарапайым жуу немесе антисептикпен өңдеуінің түзу жүзеге аспауы немесе тіпті орындалмауы қажет, немесе тазалыққа арналған зат қолайсыз болу керек;

5) контаминацияланған қолдар, немесе медқызметкердің қолы басқа науқаспен немесе затпен  тікелей қатынасқа түсу қажет, ал ол болса, науқас адаммен тікелей қатынасқа түседі.

  Медициналық көмекпен байланысты микроағзаларды жұқпаланған, немесе құрғатылған жараларда ғана анықталып қана қоймайды, сонымен қатар сау терінің бетінде де анықталу мүмкін. Өйткені өмір сүруге қабілетті микроағазалары бар миллиондаған тері қабыршықтары сау терімен бірге қабыршықтанады. Науқастардың халаттары, төсек орны, кереует алды жиһаздар және науқас адамға жақын орналасқан басқа да объектілер науқас флорасымен контаминацияланады.

Медициналық қызметкерлер өз қолдарының тазалығын өткізу қажет:

1) науқас адаммен байланыспай тұрып;

2) таза/асептикалық процедураларға дейін,

3) қатынас тәуекелімен байланысты жағдайдан кейін / биологиялық сұйықтықтармен қарым-қатынасынан кейін;

4) науқаспен қарым-қатынастан кейін;

5) науқас қасындағы заттармен қатынастан кейін.

Бұл тұжырым медициналық мекемелерде қол тазалығын ілгері бастыру үшін  оқыту, мониторинг жүргізу және кері байланыс үшін ДДСҰ-ның түрлі аспаптарына біріктірілді.

Медициналық мекемелер үшін қолға арналған сенсорлық датчиктері бар крандар немесе кранды шынтақпен немесе аяқпен ашу мүмкіндігі бар крандар керемет болар. Қол жуатын раковиналар медициналық көмек көрсету орнына максималды жақын орналасу қажет.

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

 бас маманы                                                                       Б. Абдрахман