Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2013ж.18.09 бастап 2013ж.25.09. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. жедел құтқару жасағы» ММ күшімен жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 16 сағ. 57 мин. 1,5 жастағы баласының  есікті ысырмасына жауып алғандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына жетіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.
  2. 20 сағ. 00 мин. 102 қызметкерінен қоңырау түсті, ол түтін шығып жатқан, бұрынғы ломбард ғимаратының есігін бұзуға біздің көмегіміз керек екендігін хабарлады. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 101 және 102 қызметкерлірінің көзінше әнек торын арнайы құралмен кесті және ғимарат ішіне кіруге өрт сөндіру қызметкерлеріне жол ашты.
  3. 04 сағ. 39 мин. ТЖБ кезекшісінен қоңырау түсті. Қалаға кіру жолындағы көпір жанында Павлодар қаласы жағынан ЖКО ьолғаны жөнінде хабарлады. Қысылып қалғандар бар. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, арнайы құрал көмегімен Ауди а/к жүргізушісін шығарып алды және жедел көмек қызметкерлеріне тапсырды.
  4. 17 сағ 33 мин. Б.Жырау көшесі бойындағы жеке үйлердің біреуінің шатыры жанып жатқандығы туралы хабарлаған, оқиға куәгерінен қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, жолдың жүру бөлігін жауып, өрт сөндірушілерге магистралды созуға көмектесті. Өрт сөндірушілерге үлкен көмек көрсетті.  

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондарына қоңырау шалуларыңызды сұраймыз:       22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82