Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Стафилококкты тағаммен улануды не тудырады?

Стафилакоккты топ патогенді және патогенсіз деп бөлінеді. Патогенді стафилококк терінің, теріасты жасұнықтың, жұтқыншақтың қабыну үрдісін тудырады: ангина, ринит, жоғарғы тыныс алу жолының катарын және т.б. тудырады. Патогенді стафилококктың кейбір түрлері тағам азық-түліктеріне түскенде тағаммен улануды тударытан энтеротоксинды тудырады. Стафилакокктар +25- +37°С температурасында көбейеді, ал +4- +6°С градуста жойылады. Стафилококктар жоғарғы және төменгі температуралардың ықпалына тұрақты. Осылайша олар +70°С температураны 1 сағаттан аса төтеп бере алады,  +80°С температурада 20-30 минуттан кейін ғана жойылады. Тағам азық-түліктерін қалыпты температурада сақтағанда олар 4 айдан аса өмір сүреді. Мұздатылған тағам азық-түліктерінде олар олар бірнеше айға дейін өмір сүреді. Қолайлы жағдайда стафилококк қарқынды дамып, түрлі азық-түліктерде: сүт, ет, балық, көкөністерде токсиндерді тудыру мүмкін. Стафилококктың дамуына аса қолайлы орта – сүт және сүт азық-түліктері – ірімшік және пастерленбеген сүттен әзірленген ірімшік бұйымдары, қаймақ, ет, балық өнімдері т.б. Консервіленген балықтарда және кремі бар кондитерлік бұйымдарда  стафилококк болғанда оның дәмі мен иісі өзгермейді. 

Стафилококкты тағаммен уланудың алдын алу:

Стафилококкты токсикоздардың алдын алу тағам азық-түліктеріне қоздырушылардың енбеу мақсатындағы іс-шаралар және стафилококктың дамуына және азық-түлліктерде энтеротоксиннің жиналуына бөгет болатын   жағдайларды жасау болып табылады, олар:

1. Терінің, жоғарғы тыныс жолдарының іріңді қабынулары бар тұлғаларды уақытылы анықтау және тағам әзірлеу жұмысынан босату. Осы мақсатта тағам кәсіпорындарында қол және тері жабындыларының қарауын жүргізу.

2. Алыстан нашар көру себебінен азық-түліктерге төмен еңкейетін тұлғаларға кремдік бұйымдарды, дайын тағамдарды, шұжық бұйымдарын және т.б. әзірлеуге рұқсат бермеу.

3. Кәсіпорындардың санитарлық тәртібін жақсарту бойынша іс-шаралар және әсіресе дайын аспаздық және кремдік бұйымдарды әзірлейтін тұлғалардың жеке бас тазалығын сақтау.

4. Тағаммен уланулардың алдын алу мәселелері бойынша үнемі гигиеналық білімлеррін арттыру.

5. Өндірістік үрдістердің жоғары санитарлық деңгейін, абаттандырылуын дәне механизациясын қамтамасыз ету;

6. Азық-түліктерді және дайын бұйымдарды суықта сақтау және олардың іске асыру мерзімдерін сақтау.

 

Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық

 сақтау басқармасының бас маманы                                    А.Қ. Жармұқанова