Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бірыңғай конкурстық комиссияның пікіралысуға жіберу туралы шешімі

         2018 жылдың 24 қыркүйегінде  «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусы төменгі емес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға қатысқан кандидаттардың құжаттарын қарастыру және пікіралысуға (жалпы конкурс) жіберу бойынша отырыс өткізілді.

Осы отырыста    «Екібастұз қаласы әкімдігінің  сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бөлім басшысы (E-R-1 санаты, индексі № 02-08-01) бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысушының құжаттарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі қаралды.

         Отырыс нәтижесі бойынша конкурстың келесі кезеңіне (пікіралысуға) «Б» корпусының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін 1 кандидатты жіберу шешімі қабылданды.

         Пікіралысу кестеге сәйкес Мәшһүр Жүсіп көшесі 45 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында өткізілетін болады:

р/с

Т.А.Ә.

Пікіралысу күні

Пікіралысу уақыты

2018 жылдың 25 қыркүйегі  сағат 11.00

 1.

Иманбеков Айдар Серикович

2018 ж. 25.09

11.00

Отырыс нәтижесі бойынша Олжас Жанатович Имятовты «Б» корпусының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына жұмыс тәжірибесі жағынан сәйкес келмеуіне байланысты конкурстың келесі кезеңіне (пікіралысуға) жібермеу туралы шешімі қабылданды: