Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері

Ағымдағы жылдың тамыз айында Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізуі туралы Жарлығы қабылданды. Жарлықпен есеп беру кездесулерін өткізудің кезеңділігі белгіленген, әрі Үкімет мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар басшыларының, саяси партиялардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың қатысуы қамтамасыз етілген.

Келесі жылдан бастап облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын бірінші тоқсан барысында есеп беретін болады, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдері, қалалардағы әкімдер – бірінші және үшінші тоқсан барысында жартыжылдықта бір рет, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, сондай-ақ кенттер мен ауылдардың әкімдері – тоқсанның бірінші айы ішінде тоқсанында бір рет есеп береді.                               

Осы аталған шара ауылдық буын әкімдерінің сайлауы өткен соң, жергілікті өзін - өзі басқару жүйесін жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстың қисынды жалғасы болады. Есеп беру кездесуінде жаңадан сайланған әкімдер өздерінің жұмыс жоспарларын ұсынып, ауылдық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер мен штат бірліктерінің бөлінгендігі туралы ақпарат бере алады.

Оған қоса, әкімдер тоқсан сайынғы кездесулерде жергілікті қауымдастықты елді мекендердің қажеттілігіне бөлінген қаражат түсімдері мен шығындары жөнінде ақпарат етеді. Бұл жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде тұрғындардың рөлін арттыруға, шешімдер қабылдау кезінде азаматтардың қатысуын, мүдделерін және жауапкершілігін ынталандыруға мүмкіндік береді.  

                

 

Екібастұз қаласы әкімі

аппараты мемлекеттік -

құқық бөлімі басшысының

міндетін атқарушы                                                                    Қ. Әдиев