Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

Екібастұз қаласындағы көп профильді бағыттағы №24 мектеп-гимназиясында бүгін жаңа STEM- зертханасы ашылды. Бұл кеншілер шаһарындағы мұндай алғашқы кабинет.

Білім ордасының директоры Құралай Рахметжанова STEM- зертханасында оқу төрт кезеңнен тұратынын атап өтті. Ол инженерия,  бағдарлама, робототехника, 3D-модельдеу.

Оқушылар заманауи технологияларды меңгеріп, робот, машина жасау мен ғылыми-зерттеу жобаларымен жұмыс жасауға мүмкіндік алды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында есігін айқара ашқан кабинеттің ашылуына «Еуроазияттық энергетикалық коопорациясы» АҚ демеушілік жасады.

STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату.

Көп профильді №24 мектеп-гимназиясының іргетасы 1993 жылы қаланған. Қазіргі таңда мектепте 702 оқушы білім алады. Дарынды оқушылар роботехника конкурстарында жүлделі орындарға ие болып та үлгерген. Мәселен, өткен жылы аталмыш мектептің оқушылары қалалық фестивальде жеңіске жетіп, Қарағанды қаласында өткен республикалық жарыста бақтарын сынаған.