Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сүйікті қалаға ойын алаңын сыйлады

«Қазақстан халық банкі» АҚ-ның 95-жылдық мерейтойы аясында 2018 жылдың 21 қыркүйегі күні Екібастұз филиалының басшылығы «Сүйікті қалаға сыйлық» атты акциясын өткізді. Ғасырға жуық тарихы бар банк өз қаражатынан Екібастұз қаласының Мәшһүр Жүсіп, 75 мекенжайы бойынша балаларға арналған жаңа ойын алаңын орнатты.

 «Қазақстан халық банкі» АҚ Екібастұз филиалының директоры Дәурен Шешембеков дәл осындай алаңды Энергетиктер көшесінде ашқандығын атап өтті.

Жаңа ойын алаңында резеңке жабынды орнатылған, сондықтан жарақаттану қауіпсіздігі төмен. Жоба құны – 2,5 миллион теңге.

Айта кетейік, биыл Екібастұзда банкпен өткізілген бұл алғашқы шара емес. Жыл бойы қала тұрғындары тегін коньки тебу, жергілікті музей жәдігерлерін көру мүмкіндігіне ие болды. Бұған қоса банк қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен жүздесіп, орталық қалалық аурухананың кішкентай ем алушыларында болып қайтты. Екібастұз мешітінің қасынан ағаштарды егу шарасы ұйымдастырылды.

Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКЖ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметтері бойынша, жыл соңына дейін дәл осындай тағы 10 ойын алаңын орнату жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға 80 миллион теңге бөлінген.

Қазіргі таңда кеншілер шаһарында көріктендіру жұмыстары қарқынды атқарылуда. Оған мемлекеттік мекемелерден бөлек жеке меншік иелері мен кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда.