kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Кәсіпорындар мен ұйымдарда мемлекеттік тілді оқыту және аударма жасау проблемалары мен ізденістер» атты практикалық конференция өтті

2013 жылдың 20 қыркүйегінде «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» оқытушыларымен бірлесіп Екібастұз қаласының жергілікті ұйымдары мен кәсіпорындары арасында бірінші рет «Кәсіпорындар мен ұйымдарда мемлекеттік тілді оқыту және аударма жасау проблемалары мен ізденістер» атты практикалық конференциян өтті.

Конференцияға кәсіпорындар мен ұйымдарда қызмет атқарып жатқан қазақ тілі мамандары мен аудармашылар қатысты.  Жалпы 31 тыңдаушы және Екібастұз қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді енгізу бөлімінің басшысы Мағжан Темірғалиева, құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді енгізу бөлімінің бас маманы Гүлзейнеп Есембаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айжан Жұмабаева, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» оқытушысы Гүлнар Сарсембаева және аудармашы Күлатай Тукушевалар баяндама жасады.

Ал Павлодар облыстық қаржы басқармасының кадрлар-тіл жұмысы және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Шолпан Кинжикова өзінің «Ойна, үйрен, оқы» атты электрондық оқулығы бойынша практикалық тренинг өткізді.

Конференция барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, алдағы уақытта осындай іс-шараның жиі болып тұруын сұрады.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза