Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы жұмыстар туралы 2017 жылғы есепті жария талқылау өткізілді

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының  (бұдан әрі-Заң)  нормасына сәйкес әкімдіктің  мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдарымен 2017 жылдың қорытындысы бойынша ашық талқылаулар өткізілді.

Заңның 23-бабы 6-тармағына сәйкес  орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізеді. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылады.

Заңның нормаларын орындауда, ағымдағы жылдың 1-тоқсанында әкімдіктің, қаланың ауылдары мен ауылдық округтерінің мемлекеттік қызметтер ұсынатын барлық мемлекеттік органдарында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы жұмыстар туралы 2017 жылғы есепті жария  талқылау өткізілді.

2017 жылы Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 77895 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:қызмет берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 10772; қызмет берушілермен қағаз нысанында көрсетілген (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда), «электрондық үкімет» веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін қызметтер – 43641; қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілгендер - 23482.

Ең көп талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер келесілері: ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу, ветеринарлық анықтама, жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау, жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру.

Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2017 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес есепті кезеңде қала әкімі аппаратының мемлекеттік –құқық бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы заңнаманың сақталуына қатысты («Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімі», «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» («Екібастұз қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ), «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі»,  «Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты», «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне 5  бақылау іс-шарасын жүргізді.

Бақылау іс-шараларының нәтижесінде 29 бұзушылық анықталды.

Мемлекеттік мекемелердің басшыларына 34 ұсыным берілді.

Талқылауға «Нұр Отан» партиясы Екібастұз қалалық филиалының, Екібастұз қалалық статистика басқармасының өкілдері, Қоғамдық кеңес хатшысы, Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы «ХҚКО» департаментінің Екібастұз қаласы бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты  мамандары қатысты.

Есептерді ашық талқылаудың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында ұсынылды:

мемлекеттік қызметтерді тұрғындарға уақытылы әрі сапалы көрсету;

қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  бекітілген стандартына және регламентіне сәйкес көрсету;

көрсетілетін қызметтерді алушылармен тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандардың біліктілігін тұрақты негізде арттыру.