Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тазалықтан тартынып қалма!

Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендері мен қаланы абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында жалпы қалалық сенбілік және айлық өткізу жоспарлануда.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  басшысы  Марат  Закарьяновтың хабарлауынша, жоспар бойынша бес рет сенбілік өткізілмек.

- Бекітілген аумақтардағы  барлық қоқыстарды, жапырақтарды жинау, ағаштарды кесу сияқты жұмыстарды жүргізуді,  сондай-ақ апаттық және ұйымдастырылмаған қоқыс алаңдарын жоюды ұсынамыз. Жалпы қалалық сенбілік және айлық барысында көшеттерді дайындау және отырғызу, ағаштарды ақтау, сондай-ақ Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендері мен оның ауылдық аймақтарының шеттерін және орманішілік аумақтарына санитарлық тазалау жүргізіледі, - дейді Марат  Закарьянов.

Елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша сенбілікке 23 000-нан астам адам, 725 ұйым мен кәсіпорындар және 90-ға жуық автокөлік құралдары жұмылдырылады.

Екібастұз қаласының әкімдігі қаланың барлық тұрғындарын жалпықалалық сенбілікке белсенді қатынасуға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуға шақырады.

Сенбілікке әрбір адам қатынасып, өз үлесін қоса алады.

Тазалау, жинау кезінде қоқыстар жиналып қана қоймайды, сондай-ақ Екібастұз қаласын көгалдандыру үшін көшеттер отырғызылатын болады.

 

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Абзал Қабдраш 8 777 458 98 41