Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Балардың көкжөтелі

Бұл тыныс алу жолдарын зақымдайтын аса ауыр жұқпалы ауру.

Көкжөтел неден туындайды?

Бордетелла деп аталатын бактериядан туындайды. Бактерия сыртқы ортада жылдам өледі. Жөтел кезінде ауада бактериалардың шашырауынан жұғады. Бактерия өкпеге еніп, оны тітіркендірген соң қатты, созылмалы жөтел пайда болады.  

Көкжөтел белгілері қандай?

Ауру бірден тумайды, оны жұқтырған кезден бастап бірінші белгілердің анықталуына дейін екі аптадай уақыт өту мүмкін. Содан соң тұмау, құрғақ жөтел, дене қызуы елеусіз деңгейге жоғарылау мүмкін. Осы кезде ауруды анықтау қиынға соғады, өйткені ол қарапайым суық тиюге ұқсайды. Бірте-бірте жөтел ұлғая бастайды, тұқыр шырыштың есебінен өзіне тән сипатқа ие болады. Көкжөтел кезіндегі жөтел өте ұзақ, екі ай шамасына дейін жалғасу мүмкін, ал сәбилер мен 6 айға дейінгі балаларда жөтелдік ұстаулар тәулігіне 20-30 ретке дейін жетеді. Уақыт өткен соң жөтел бірте-бірте азаяды.

Көкжөтел кезінде қандай қауіп күтілуде?

Екінші жұқпалы ауру қосылғанда бронхит, пневмония туындайды. Кейде тіпті қатты жөтелгеннен пневмотаракс (өкпе қабығының үзілуі), миға қан кету, іш жарығы (грыжа), кішкентай балаларда апноэ (дем алудың тоқтауы) туады.  Сондықтан  кішкентай жастағы балалар үшін бұл аса қауіпті және олар инфекциялық стационарға жатқызылу керек.

  Көкжөтелді қалай емдеу керек?

Ауру бактериядан туындауына қарамастан, антибиотиктерді қабылдау аурудың бастапқы күндерінде ғана, ауру түрі әрі анықталмағанда ғана тиімді. Одан кейін антибиотиктерді беру орынсыз, өйткені иммундық жауаптың нәтижесінде ағзада бактериялар жоқ, ал жөтел бас миының тітіркеуінен туған тоқырау ошағының нәтижесінен пайда болады. Сондықтан негізгі ем-шара осы ошақты басуға бағытталу керек. Бұл – баланың көңілін басқаға аударту. Мысалы, оған көптеген әр түрлі ойыншық сатып алу, карусельде айналдыру және т.б. Шырышты көкжөтелдік қақырықты кетіру үшін ылғалды  салқын ингаляциялар, суқоймалары мен субұрқақтары, сарқырама маңында болған пайдалы. Бала ұйықтап жатқан бөлмеде ылғалды салқын ауа болу керек.

Көкжөтелдің алдын алу

Вакцинаны АКДС вакцинасымен бірге қолданады. Эпидемия кезінде антибиотиктерді қысқа мерзімді профилактикалық қабылдауға болады. Екпе алды кезеңде көкжөтел ауруынан өмірді өліммен аяқтау  жоғары болды.

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

 бөлім басшысы                                                              Б.Т. Бекпаева