Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ЛЕПТОСПИРОЗДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Лептоспироз- қылтамырлардың, бауырдың, бүйректің, нерв жүйесінің зақымдануымен сипатталатын зоонозды жұқпалы ауру. Толқынды түрді безгекпен ілеседі. Аса ауыр жағдайларда сары ауру, гемморагиялық синдром, жіті бүйрек жеткіліксіздігі және менингит байқалады.

Жұқпалы аурудың қайнар көзі болып кеміргіштер (егеуқұйрықтар, тышқандар), суырлар, үй жануарлары (шошқалар, ірі мүйізді мал, жылқылар, иттер) саналады. Жануарлар арасындағы 65-90% жетеді.

Адам ауруды жазғы-күзгі кезеңде, ауылшаруашылық жұмыстары кезінде, зақымдалған шырышты қабық және тері арқылы, суы ақпайтын су қоймаларында  шомылғанда, кездейсоқ су қоймаларынан суды ішкенде, сүтті ішкенде, етті жегенде жұғады. Адам адамнан ауруды жұқтырмайды.

Лептоспиралар зақымдалған тері мен шырышты қабық арқылы қанға кіріп, бауырға, бүйрекке, көкбауырға, бүйрекүсті бездерге енеді де, сонда олар қарқынды көбейе бастайды.

Клиникалық белгілері. Лептоспироз ауруының 2 түрі бар – сары аурулық және сары аурулық емес.

  Сары аурулық түрі – инкубациялық кезеңі 1-2 апта. Жіті түрде басталады. Дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріледі, жалпы әлсіздік байқалады. 2-3 күннен бастап бауыр, кейде көкбауыр үлкейеді, қарқынды бұлшық еттің (балтырлардың) сырқаттануы көрініс табады. 4-5 күннен бастап олигурия, кейін анурия туады. Жүрек тамыры жағынан тахикардия, тіпті инфекциялық миокардит та болуы мүмкін.

Сары аурулық емес түрі – инкубациялық кезеңі – 4-10 күн. Дене қызуы көтеріледі, әлсіздік, менингиалды белгілер байқалады, олигоанурия, бауыр үлкейеді.

Асқынулар:

 - жіті бауыр жеткіліксіздігі;

- қан кету;

- көз қабығының зақымдануы;

- миокардит;

- паралич, парез;

-инфекциялық-токсикалық шок.

Ем-шаралар: антибактериалдық терапия, симптоматикалық терапия, дезинтоксикациялық терапия. Көптеген науқастар үшін болжам жағымды. Аурудың созылмалы түрлері дамымайды.