Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Оқыс оқиға орын алмау үшін

Екібастұз өңірінің төрт ауылдық аймағында пойыздардың шұғыл тежегішінің іске қосылу фактісінің жиілеуіне байланысты жергілікті халықты ақпараттандыру мақсатында жиналыстар өткізілді. Аталмыш жиындарға 200-ден астам адам қатысып, кәмілеттік жасқа толмаған балалардың теміржол маңында үлкендердің қарауынсыз жүруге болмайтыны айтылды. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының басшыларына үй жануарларын бағу жөнінде ескертулер жасалды.

Мамандар ҚР ӘҚБ 550, 559, 562 бабтары бойынша бұзушылық анықталған жағдайда айыппұлдар төленетінін атап өтті.

Пойыздардың шұғыл тежегішінің іске қосылуы адам өміріне үлкен зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан, теміржол маңында өте абай болу керек.