Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының тұрғындарын жұмыспен қамтамсыз ету бойынша іс-шараларды іске асыру туралы

2015 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Екібастұз қаласының тұрғындарын жұмыспен қамтамсыз ету бойынша іс-шараларды іске асыру туралы

 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі  мына іс-шараларды енгізетін халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырады:

1) бос жұмыс орындарына және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;

2) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту;

3) кәсіптік оқытуды ұйымдастыру;

4) бос орындар жәрмеңкесін өткізу

5) Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасын іске асыру

1) Бос жұмыс орындарына және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.

Ағымдағы жылы жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде 784 жұмыссыз өтінді, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғану шараларымен 614 жұмыссыз қамтылған, немесе 78,3 %.

Қаламыздың 12 кәсіпорнында, оның ішінде «Екібастұзкоммунсервис» МКК, «Диас-Дар» ЖШС, «Ардабил ЛТД» ЖШС, «К и Компания» ЖШС, «Альтернатива» ҚҚ және т.б. 172 әлеуметтік жұмыс орны құрылды.
          Ағымдағы айдың басына ұсынылған бос орындардың саны 500-ден аса бірлікті құрайды. Ай сайын жұмыспен қамту бөлімі 100-ден аса жұмыссызды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

2) Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту

Жұмыссыздардың уақытша жұмыспен қамтылуын қоғамдық жұмыстар қамтамасыз етеді. Қоғамдық жұмыстардың тізбесі, түрлері мен көлемі, жұмыстар орындалатын ұйымдар Екібастұз қаласы әкімдігінің қаулысымен белгіленді, 2015 жылға белгіленген еңбек төлемі ең аз еңбекақы мөлшерінде белгіленді (21364 теңге).

Ағымдағы жылы қоғамдық жұмыстар қаламыздың 15 кәсіпорны мен мекемесінде ұйымдастырылып, оған 128 жұмыссыз қатысты.
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың көп бөлігі немесе 88,7%, қаланы абаттандыру жұмыстарымен қамтылған.

3) Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру

Еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, жұмыспен қамту бөлімімен жұмыссыздарды кәсіптік даярлау жөніндегі іс-шаралар іске асырылады.

Ағымдағы жылы кәсіптік қайта даярлау курстарында облыстық бюджет қаражаты есебінен «Аспаз» мамандығы бойынша 20 жұмыссыз оқуларын жалғастыруда.

4) Бос орындар жәрмеңкесін өткізу.

Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шаралардың бірі бос орындар жәрмеңкесін өткізу болып табылады. Ағымдағы жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімімен 2 жәрмеңке өткізілді. Оған 180 нен аса жұмыссыз қатысты, 17 кәсіпорынмен 174 бірлік бос орындар ұсынылды.

Өткізілген бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша кәсіпорындардың кадр резервіне 24 жұмыссыз енгізілді, оның ішінде 3 жұмысқа тұрғызылды.

5) Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасын іске асыру

Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мәселесін шешуде жұмыспен қамту 2020 Жол картасын іске асыру  маңызды рөл атқарады.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша «Инфрақұрылымды тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету»  2015 жылы 5 нысанның жөнделуіне 29,9 млн.теңге бөлінді.

         Жобаларды іске асыру кезінде 57 жұмыс орындары құрылатын болады, Бағдарламаның қатысушыларына олардың 30 ұсынылатын болады.

Екінші бағыт бойынша «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту».

Аймақтық  комиссияның шешіміне сәйкес  2015 жылға арналған жоспар 20 млн. 170 мың. теңге соммасында 7 шағын несие.

15 адамға кәсіпкерлік негізін оқыту жоспары бойынша, тоқ құрылды, оқуды ағымдағы жылдың мамырынан бастау жоспарлануда.

Өткен жылдардағы несиелер бойынша қайтарылған соммалар есебінен Екібастұз қаласына қосымша 6 млн. теңге бөлінетін болады.

Үшінші бағыт бойынша «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу».

а) Кәсіби оқыту.

Кәсіби оқытуға келесі мамандықтар бойынша 31 жұмыссыз жіберілді: 18 электрдәнекерлеуші және электрқұрылғыларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша 13 электромонтер.

3,3  млн. теңге бөлінді, игерілгені 0,5 мың теңге.

б)  Әлеуметтік жұмыс орындары.

Жоспар 60 адам. 2015 жылы жіберілгені 57 жұмыссыз. 2014 жылдан 47 адам қатысуды жалғастыруда.

22,1 млн.теңге бөлінді, игерілгені 5,0 млн.теңге.

в) Жастар тәжірбиесі.

Жоспар 61 адам. Жастар тәжірбиесінен 25  жас маман өтуде.

15,2  млн.теңге бөлінді, игерілгені 1,97 млн.теңге.