Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда теміржол құрылысына арналған жаңа электрстанциясы ашылды

Екібастұз қаласында ашылған  жаңа электрстанция темір жол кластерлерін, оның ішінде жаңадан салынған 7 зауыт пен ондағы темір жол құрылғыларын электрэнергиясымен қамтамасыз етеді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек атап өткендей, Павлодар өңірі –жоғары технологиялық өндірістердің арқасында еліміздегі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) артуына үлкен үлес қосып жатқан Қазақстан экономикасындағы көшбасшылардың бірі.

- Аймағымызда салынып, жылдам дамып жатқан Екібастұз темір жол кластері үздіксіз әрі сапалы берілетін, сонымен қатар заманауи және инновациялық технологиялармен жабдықталған электрэнергиясын қажет етті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың нұсқауына сәйкес, Екібастұз кластері барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктерді өтейтін жоғары технологиялық әрі заманауи құрылғылармен жабдықталды. Елбасымыздың бұл шешімінен мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы аясында үкіметтің ұлттық өндірушілерге деген қамқорлығын көруге болады, - деді Ұлан Жазылбек.

Жаңа станцияның жұмыс қуаты 80 мегавольт-амперге дейін жетеді, бұл станция кластерлерді үздіксіз энергиямен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ТМД аумағындағы теміржол дөңгелектерін, арбалар мен бағыттамалық пойыздарды жасайтын әрі шығаратын «Проммашкомплект» зауытын, вагондар мен электровоздарға арналған темір жол өстері мен дөңгелек жұптарды дайындайтын «R.W.S. Wheelset» зауытын, темір жолға арналған брустерді шығаратын «R.W.S. Concrete» зауытын, темір жолдардағы жолдардың жоғары құрылымдарын ретке келтіретін түрлі құрылғылар дайындайтын «R.W.S. BINDING» зауытын электроэнергиямен қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысының қолдауымен аз уақыттың ішінде теміржол кластері салынды, - дейді «Railways Systems KZ» ЖШС бас директоры Артур Хачатурян. Бұл кластер Қазақстандағы және өзге де елдердегі темір жол транспортына арналған ірі спектр шығарады. Ассортименттер көп, соған орай шығарып жатқан өнімдердің көлемі жылдам өсуде. Аймақта осы бағыт бойынша 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылып, «Railways Systems KZ» атты мамандарды даярлайтын оқу орталығы ашылды. Сонымен қатар, біздің шығарып жатқан сапалы өнімдерімізді мақтан тұтатын көптеген жоғары білімді мамандар бізбен бірге жұмыс жасағысы келетіні қуантады.

«Екібастұз аумағындағы «ФерроТрансТрейд» ЖШС-нің ПС 220/35/10 кВ құрылысының жалпы құны 2,5 миллиард теңгені құрады. Құрылыстың салынуы лизингтік түрде қаржыландырылды. Яғни «БРК-Лизинг» АҚ 1,84млрд. теңге көлемінде қаржыландырса, қаржының қалған бөлігі жеке өнеркәсіп орындардан берілді. «БРК-Лизинг» АҚ «Қазақстан банкін дамыту» ұйымына және «Бәйтерек» Ұлттық Басқару  холдингінің құрылымына кіреді.

 Елімізді дамытуға бағытталған өндіруші өнеркәсіптердің салынуына «БРК-Лизинг» АҚ-ның үлесі тигені біз өте қуаныштымыз, біз үшін бұл үлкен ғанибет. Бұл жобаның сәтті қадамы теміржолдардың жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, өз кезегінде еліміздегі транспорт-транзит жүйесін сапалы инфрақұрылым арқылы дамыта алатыны сөзсіз, - деп атап өтті «БРК-Лизинг» АҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров.

Жаңа технологиялар мен құрылғыларды пайдаланып, Павлодар аймағының суық климатын негізге ала отырып, жаңа станция жобасын «Siemens» компания жасап берді. Станцияның есептік қуаты 41,36 мегавольт-амперді құрайды, ал резерв қуатын есепке алсақ, онда қуат мегавольт-амперге дейін. Сондай-ақ, теміржол кластерінің екі есеге дейін өсу мүмкіндігі бар.

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Абзал Қабдраш 8 777 458 98 41