Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда Білім күнінде 39 мектепте Ту көтерілді

Екібастұз өңіріндегі мектептерде Білім күнінде Қазақстан Республикасының Туы көтеріліп, әнұрандар шырқалды.

№36 мектеп-лицейіндегі салтанатты шараға қатысқан шаһар басшысы Нұржан Әшімбетов оқушыларымыздың ІТ-теxнологияларды жетік меңгеріп, Цифрлы Қазақстан жобаларын пайдалану керектігін атап өтті.

- Білім - қашанда билік назарында, - деді Нұржан Кемерұлы. - Солнечный кенті мен Зеленая Роща ауылында екі жаңа мектеп салынуда. 1-қыркүйектен бастап ұстаздарымызға жалақы қосылады. Оқушыларымызға қажетті құрал-жабдықтар алынуда. Бүгінгі келіп тұрған білім ордасы екі жыл бұрын ғана ашылса да, олимпиадаларда көп жеңіске жеткен екен. Мұның бәрі жұмыстың сапалы атқарылғандығының дәлелі. «Ең үлкен инвестиция – балаларға салынатын инвестиция» деген сөз бар. Сондықтан, ата-аналардың да балалары үшін барынша қолдау көрсететініне сенімдімін. Жаңа оқу жылы толайым табыстарға толы болсын.

Алғашқы қоңырау соғылған соң биылғы 11-сынып оқушыларына өткен мемлекеттік мереке аясында Конституция кітаптары сыйға тартылды.

Айта кетейік, Екібастұз бойынша оқушылар саны 19400-ді құрады, 1-сыныпқа 2400 бала барды. Оның 1115-і қазақ мектебінде білім алады.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Абзал Қабдраш 8 777 458 98 41