Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Достық үйіндегі мереке

ҚР Конституциясы күні биыл Екібастұздағы Достық үйі үшін үлкен қуанышпен қатар келді. Ғимараттың қасбеті жөндеуден өтіп, бүгін есігін айқара ашты. Шаһар басшысы Нұржан Әшімбетов арнайы келіп, этномәдени орталықтардың жұмысымен танысты. Мерекелік шарада сөз алған қала әкімі екібастұздықтарды Конституция күнімен құттықтап, қоғамдық белсенділікті арттыру керектігін атап өтті. 
Шара соңында 12 этномәдени бірлестіктің басшыларымен дөңгелек үстел өткізіп, еркін сұxбаттасты.