Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда қос көп балалы анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

Конституция күніне арналған салтанатты жиында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан адамдар шаһар басшысы Нұржан Әшімбетовтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Қала басшысы «Алтын алқаны» жеті баланы тәрбиелеп отырған Райхан Зейнекеноваға, «Күміс алқаны» алты баланың анасы Әсемгүл Сарғұлақоваға табыс етті.

Нұржан Әшімбетов Екібастұздың аяулы тұрғындарының күнделікті аналық батырлықтарына алғыс айтып, мерекелерімен құттықтады. - Конституция күні – маңызды мерекелердің бірі,- деді әкім. – Жылдан жылға Тәуелсіздігіміз, бірлігіміз бен тұрақтылығымыз нығая берсін. Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, ортақ баспанамызға бейбітшілік тілеймін!

Шара барысында Екібастұз өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін және Қазақстан Республикасы Конституция Күнін мерекелеуге байланысты бірқатар жерлестіріміз қала әкімінің, мәслихатының Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Салатанатты жиынға 500-ге тарта бала мен жегілікті шығармашылық ұжымдар қатысты. Сахна төрінде астаналық «Шабыт» университетінің студенті Айбар Ашкеев пен Президент Әкімшілігі әскери оркестрінің солисті Даурен Төлеубаев та өнер көрсетіп, қалың қауымның алғысына бөленді.