Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 06 тамыздағы №741/8 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 23 тамызда № 6044 болып тіркелген

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік

мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 265/3 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат  бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 265/3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4408 болып тіркелген, 2015 жылғы 09 сәуірде «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Екібастұз қаласы әкімінің

міндетін атқарушы                                      Н. Нефёдова