Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда жаңа музыкалық, жарық сәулелі су бұрқақ іске қосылды

Екібастұз қаласындағы «Өнер» мәдениет орталығының алдында жаңа су бұрқақ пайда болды.

Шахтер күніне орай ашылған фонтан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа таныстырылды.

- «NamysStroi-Group» ЖШС-мен жасалған келісімшарт аясында барлық жұмыстарын орындады. Сыртқы бетон қоршауларының болмауы су бұрқақ аумағына ерекше сән береді. Бірегей дизайн мен шашырап тұратын судың түрлі түсті жарықтармен сүйемелденуі көздің жауын алады. Барлық инженерлік коммуникациялар терең орналасқан. Бұл орынның екібастұздықтардың тағы бір тамаша демалыс аймағына айналары сөзсіз, - дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы  Абай Каримов.

Айта кетейік, 24-тамызда бастау алған Шахтер күні мерекесінің бағдарламасы 26-тамыз күні ғана өз мәресіне жетті. Мейрам аясында аймақ басшысы үздік шахтерлерді марапаттап, сахна төрінде жергілікті өнерпаздар мен отандық эстрада жұлдыздары Әлішер Каримов пен Диана Шарапова ән шашты. Кешкі концерт от шашумен аяқталды.

 

 

 

 

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Абзал Қабдраш