Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздықтар «Шахтер» күніне орай ұйымдастырылған митингке қатысты

«Шахтер күні» мерекесі аясында 25 тамызда атақты қазақ кен іздеушісі, ардагер ұста Қосым Пішенбаев атындағы саябақтағы ескерткішке, сонымен қатар «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағындағы Даңқ аллеясына гүл шоқтары қойылды.

Қос шарада Қазақстанның еңбек ері, Екібастұз қаласының құрметті азаматы Рышат Əміренов, көмір саласы қызметкерлерінің Екібастұз аймақтық кәсіподақ кеңесінің төрағасы Николай Попов пен ардагер көміршілер кеңесінің төрайымы Алефтина Кузнецова сөз сөйледі.

Айта кетейік, 24-тамызда бастау алған кәсіби мерекені атап өту бағдарламасы 26 тамыз күні ғана өз мәресіне жетті.