Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жұлдыздардың ХҚО-дағы бір күні

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының келушілеріне бүгін қазақ эстрадасы мен телевидение жұлдыздары мемлекеттік қызметтерді көрсетті. Азаматтарға арналған үкімет бір күнге Қыдырәлі Болманды, Құрмаш Маханды, Ғани Жапишевті, Шахаризат Сейдахметованы, Айжан Нұрмағамбетованы, Марат Омаровты, Мырзахан Махановты және ӘзімбекБайлинды «жұмысқ ақабылдады». Шоу-бизнес өкілдері электрондық кезек талондарын, ақпараттық анықтамаларды және дайын құжаттарды беріпо тырды.

            «Жұлдыздың ХҚО-дағы бір күні» атты іс-шара бүгін бір мезетте Ақмола облысындағы Ақмол ауылында, Алматы облысының Қаскелен қаласындағы фронт-офистері мен Алматы қаласының Медеу аудандық ХҚО-да және Астана қаласының мамандандырылған ХҚО-да өтті.  Қызметалушылар өз кумирлерінің қолынан анықтамалар алып қана қоймай, олар мен суретке түсу мүмкіндігін де жіберіп алмады.

            Мысалы, Шахаризат Сейдахметов мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында автокөліктердің дайын нөмірлік белгілері мен техпаспорттарын беріп отырды. "Адамдармен жұмыс істеу қашанда қиын. Келушілер әртүрлі. Біреулер оң көзқараспен келсе, кейбіреулер бірден негативті көңілкүйде болады.  Бұндай халықлегінигеру үшін өзің аздап психолог болуың керек. Еңбастысы әрқашан күлімдеуді ұмытпаған жөн", - дедіәнші.

            Белгілі тележүргізуші Ғани Жапишев анықтама секторында тұрып өзін кеңесші рөлінде сынап көрді.  "Мен үшін бұл бір жаңа тәжірибе болды.  Кеңесші болған екі сағат ішінде мен шынайы стрестік жағдайда болдым және ХҚО қызметкері жұмысының қаншалықты ауыр екендігін түсіндім. Мұнда тек білікті маман болып дұрыс кеңес беру аздық етеді екен, себебі келушіле рәртүрлі, олардың түрлі мәселелері мен түрлі көңіл күйлері маманннан қарымқатынас жасаудың жоғары біліктілігін талап ететіндігін" – Ғани атап айтты.

            Азаматтарғ аарналған үкіметтің 314 фронт-офисінде 8 818 адам қызмет етеді. Бұл аптасына алты күн сағат 9-дан  кешкі 8-ге дейін талмай еңбек етіп халыққа мемлекеттік қызметтерді алуға көмектесетін адамдар.  Бүгінде ХҚОарқылы 600-ден астам мемлекеттік қызметалуға болады. Бір жылда орта есеппен алғанда азаматтар 38 миллионнан астам қызметт іхалыққа қызмет көрсету орталықтарынан алады.