Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шыбын-шіркейлермен күрес

Шіркейлер мен ұсақ шыбындар – безгек, Денге безгегі, Москитті безгек, Зика қызбасы, туляремия және т.б. инфекциялық ауруларды таратушы ретінде қауіп төндіретін қансорғыш жәндіктер.

Адамдарға шіркейлер мен ұсақ шыбындардың жаппай  қарсы шығуы еңбек пен демалыстың қолайсыз жағдайларын: өндірушілік төмендейді, жүйке жүйесінің функционалды өзгерістерін (жоғары қозушылық, ұйқысыздық), терінің аллергиялық реакцияларын тударады.

Ұсақ шыбындардың жаппай қарсы шығуы жануарларға да теріс әсерін тудырады: ауыл шаруашылық жануарларының өнімділігін (сүт сауу, жұмыртқасалғыштық) төмендетеді. 

2018 жылы қансорғыш жәндіктерге қарсы  республикалық бюджеттен қаржыландырылатын дезинсекциялық жұмыстар «Дезус» ЖШС жүргізуде. 2018 жылы шыбын-шіркейге қарсы жұмыстың жалпы көлемі- 1660 га, су қоймалары, ашық стациялараумақтары (бақтар, саябақтар), тұрғын үйлердің жертөле жайлары өңдеуге жатады.

Дезинсекциялық өңдеулер үшін Қазақстан Республикасында  қолдануға рұқсат берілген инсектицид «Фуфанон супер», «Аверфос» қолданылатын болады.

Халық арасында безгектің және басқа да трансмиссивті ауруларды болдырмау мақсатында қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен ағымдағы жылдың 2 сәуірден – 3 мамырға аралығында облысымызда «Барлығымыз шіркейлермен күресейік!»  айлығы жарияланды.

Көптеген саяжай, үй іргесіндегі телімдер иелері олардың суға толған бөшкелері, күбішелері  баяғыдан шіркейлердің көбеюіне арналған инкубатирға айналғандығын білмейді. Олармен күресудің бірнеше аса қарапайым тәсілдер бар:

-  шіркейлердің ұрғашысына жұмыртқа салуына мүмкіндік бермеу үшін, суға толы сыйымдылықтарды қақпақпен жабу;

-  шіркейлердің балапан құрттарының дамуына жол бермеу үшін бөшкелердегі суды аптасына кем дегенде 2 рет ауыстыру;

-  егер де шіркейлердің балапан құрттары әйтеуір пайда болған болса – мұнай өнімінің (мазут, мащина майы және т.б.) бірнеше тамшысын құю жеткілікті, суды қабыша басады да, нәтижесінде шіркейлердің балапан құрттары «тұншығады».

Ауыл тұрғындарының еңбегі мен демалысына қолайлы жағдай үшін, сондай-ақ инфекциялық және паразитарлық аурулардың тууы мен таралуын болдырмау мақсатында, 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 152-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлер, жеке және заңды тұлғалар объектілерде дезинсекциялық іс-шараларды жүргізу міндетті.

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

 денсаулық сақтау  

басқармасының бас маманы                                       А.О. Жимайлова