Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ішек инфекцияларынан жазғы уақытта қалай қорғануға болады?

Жазғы уақытта біздің ағзамыз түрлі ішек инфекцияларына шалдыққыш болып келеді. Оны қалай болдырмауға болады?

Ішек инфекцияларынан қалай қорғануға болатын мынадай 5 кеңесті ұсынамыз:

1. Қауіпсіз азық-түліктерді (пастерленген сүт, бөтелкеленген су) таңдаңыздар. Жарамдылық мерзіміне және сақтау ережелеріне назар аударыңыздар. Жемістер мен көкөністерді ағынды су астында жуыңыздар, содан соң оларды ыстық суға малыңыздар.

2. Тағамды тиянақты өңдеңіздер. Саңырауқұлақтар, шөптер және көкөністерді топырақтан ағынды қайнаған сумен жуған жөн. Етті, балықты, құсты жақсылап пісіріңіздер және қуырыңыздар. Ауызсуды және сүтті қайнатылған түрде қолдану керек.

3. Тағамды ертеңгі күнге қалдырмаңыздар. Өйткені суығаннан соң оның үстінде микробтар көбейе бастайды. Көп тұрып қалған жағдайда, зияны да баршылық. Салаттарды 3-4 сағаттан асыра сақтамаңыздар.

4. Қолдарыңызды жиі жуыңыздар. Өкінішке орай, дәрет алғаннан соң, даладан серуендеп келгеннен соң немесе жануарлармен ойнап болғаннан соң қолдарын жууды ұмытып кетеді. Бұл дұрыс емес!

5. Ас бөлмеңізді таза ұстаңыз. Дақтар, тағам қалдықтары – микробтардың резервуары. Ыдысты қолданғаннан кейін бірден жуыңыз. Орамалдарды күнде ауыстырып отырыңыздар, жууға арналған шүберектерді жиі жуып отырыңыздар.

 

Бас маман                                   Рымжамал Жакенова