Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Экібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралары жоспарға сай өтуде

Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қызмет барысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңдарына сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды іс жүзіне асырады.

Ағымдағы жылда Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы гарнизон жеке құрамымен бірігіп көлемді профилактикалық және тәрбие жұмыстарын өткізді. Жалпы гарнизонның жеке құрамымен 44 профилактикалық және тәрбие жұмыстар өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және гарнизонның жеке құрамын тәрбиелеуде профилактикалық жұмыстар жоспарлы түрде өтуде. Сонымен қатар гарнизонның жеке құрамының жетістіктерінің негізгі іс шараларын жоспарлы атап көрсетуге болады, олар: «Құтқарушы әйел», «Жігіт сұлтаны» байқауларында және волейбол, футбол және гир көтеру облыстық спорт сайыстары. Екібастұз гарнизонының азаматтық  қорғау органдарының қызметкерлері үшін, жетістіктерге жету маңызды фактор.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы арасында азаматтық қорғау органдарының көптеген профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Бірінші кезекте азаматтық қорғау органдарында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы мәліметтерді жеткізу. Жыл басынан бері 6 мәлімет жеке құрамға танысу парақтары арқылы жеткізілді. Басқарма басшылары азаматтық қорғау органдарында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы ақпарат, ай сайын жергілікті радио және теледидарда бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы беріліп тұрады. Өткен кезеңде жалпы сөз сөйлеу 14 рет болды. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінен келіп түскен ақпараты ескеріліп бұл бағытта жұмыс жоспарлы жалғасуда. Сондай-ақ азаматтық қорғау органдарында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы мақалалар әзірленіп және орналастыру жұмыстары жалғасуда. Өткен кезеңде азаматтық қорғау органдарында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы жалпы 9 мақаласы жарық көрді, олардың ішінде 4 мақалада Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің сенім телефондары көрсетілген.

Екібастұз қалалық филиалы «Нұр Отан» партиясында екі іс-шаралары 2017 жылғы 12 айдың азаматтық қорғау органдарында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы дөңгелек үстел және «..... жағдайларда сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін» тақырыбында пікірталас-студия конкурсын өткізіп, Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы Павлодар облысының аудандар мен қалалар арасында құрметті                 2-ші орынға иеленді. Азаматтық қорғау органдарында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы қарастырылған сұрақтары бойынша және сондай-ақ азаматтардың құқықтар тараптары азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен бұзылу кезінде олардың арыздану рәсімдерін түсіндіру жұмыс және жедел кеңестері өткізілді. Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқарма бастығымен 3 кеңес өткізілді. Жылдың басынан Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуда 8 нұсқаулық өткізілді.

Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамы кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығында азаматтық қорғау органдарында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы 15 сабақ өткізілді. Сондай-ақ Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшыларының хаттамалық тапсырмалары уақытында орындалуда.

 Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне ай сайын азаматтық қорғау органдарында тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйі туралы ақпараты ұсынылады. Сондай-ақ Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу жоспарының жұмыстары өткізіледі.   

Басқарма ғимаратында шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік орнатылған.

 

 

Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар

басқарма бастығының

міндетін атқарушы подполковник                                     Д. Байсанбаев