Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдыларын үйрету

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде Екібастұз қаласы әкімінің аппараты Мемлекеттік корпорация өкілдерімен бірлесіп «Электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдыларын үйрету семинарларын өткізеді.

      Ағымдағы жылдың осы аптасында «Электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдылары бойынша  «Замандастар» клубының  ардагерлері, қалалық соттың, сондай - ақ әскери комиссариат қызметкерлері оқытылды.

         Іс-шараға қатысушылар осындай мүмкіндікті пайдалана отырып,  Мемлекеттік корпорацияға бармай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алды.

       Бұл іс-шараның мақсаты - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алуды насихаттау және тұрғындарға  «Электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдыларын үйрету болып табылады.

         Екібастұз қаласының тұрғындарын сандық сауаттылыққа оқыту жалғасуда.