Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жамайхан Гүлбадам: Шағым

Құрметті Қайрат Нүкенов! Мен Екібастұз қаласы Бесқауға ауылының тұрғыны Жамайхан Гүлбаданмын. Күйеуіміз екеуіміз де жұмыссызбыз. Аз ғана малмен 3 баланы асырап отырған жағдайы төмен отбасымыз. Мен Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің әкімі Ахметзянова Мадина Азгаровнаның жұмысына шағымданамын. Мадина Азгаровна әкім болып келгелі дұрыс жұмыс істеген жоқ, ауылда болмайды, шындықты айтсақ участковый инспекторды үйге жіберіп қорқытады. Қызмет бабын пайдаланып, қарапайым халыққа қысым көрсеткен дұрыс емес деп ойлаймын. Мұндай адам халықпен жұмыс істей алмайды. Шара қолданып беруіңізді сұраймын.

Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына келіп түскен Сіздің өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

Сізді және Сіздің жұбайыңызды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша Сіз Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінуге құқылысыз.

Учаскелік инспекторлар Екібастұз қаласы жергілікті полиция қызметінің құрамына кіреді, белгілі аумақта қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті бақылау солардың құзыретіне енеді.

Полиция қызметкерлерінің Сіздердің құқықтарыңызды шектеу мәселесіне қатысты Сіз Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасына жүгінуге құқылысыз.

Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің әкімі М.А.Ахметзянова бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.