kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Тұрғын үй секторында өткізілетін өрт қауіпсіздік айлығы

Тұрғын үйлерде болатын өрт оқиғалары тұрғындардың  тұрмыста қарапайым  өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан немесе білмегендіктен болып жатады.

     Екібастұз қаласының ТЖБ мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің қызметкерлері бір емес, бірнеше рет қала тұрғындарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «ОТПЕН АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТАҢЫЗДАР», «Сөнбеген темекілер мен сіріңкелерді тастамаңыздар», «Үйлеріңізді оттан сақтаңыздар», «Өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар» тақырыптарында ескерту ақпараттарымен сөйледі.

     Сіздің отбасыңыздың мүшелерінің денсаулығына, өзіңіздің денсаулығыңызға және мүліктеріңізге орны толмас зиянын келтіру үшін отқа азғана сәттің өзі жетіп жатыр. Оттай сұрапыл апаттың алдында барлығымыз бірдейміз, от кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін талғамайды, от- өзінің жолындағының барлығын жояды.

     2013 жылғы 5 наурызда М. Әуезов к. 67 үй мекен-жайы бойынша орналасқан 3 бөлмелі пәтерде өрт оқиғасы болып, пәтер ішіндегі үй мүліктері жанып кетті. Төсекте  жатып темекі шеккеннің кесірінен, ер адам улы газбен тұншығып қайтыс болды.

     2013 жылғы 9 тамызда Сәтпаев к. 22/1 үй мекен-жайы бойынша орналасқан 3 бөлмелі пәтерде өрт оқиғасы болды. Ас үй бөлмесінің жиһазы мен төбесі жанды. Өрт оқиғасының себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

      2013 жылғы 23 тамызда Қонаев к. 36/2 мекен-жайы бойынша орналасқан пәтерде төсектре мен керуерт және төбе сырғауылы жанды. Өрт оқиғасының себебі -  отқа  селқос қарау.

      Соңғы жылдары  пәтерлердің ішін және жеке тұрғын үйлерді әсемдеу үшін әр түрлі өңдейтін материалдар қолданылып келед. Әрине бұл әдемі, бірақ, бәрін айт та, бірін айт өрт қауіпсіздігі жағынан алғанда бұл материалдардың барлығы қаупсіз емес. Бұл материалдарды  пәтерлер мен тұрғын үйлерді әсемдеу үшін пайдалануға  өрт қадағалау қызметі тыйым сала алмайды.... Бірақ бұл материалдарға жоғары температура әсер еткенде неге апарып соғады? Сонымен, үйлеріңізде жөндеу жұмысын бастамақ бұрын жан-жақты ойлап, байқап алған дұрыс, сіздің үйіңіз  әсем, әдемі болып қана қоймай, сонымен қатар қауіпсіз болу қажет.

      Ауыл аймақ әкімдерінің, КСК, КСП басшыларының НАЗАРЫНА! Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар бойынша басқармасы мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің  инженерлер құрамымен 2013 жылғы 1 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өрттің алдын алу мақсатында  тұрғын үй секторларында  өрт қауіпсіздік айлығы өткізіліп жатыр.

      Екібастұз аймағының  ауыл және Екібастұз қаласының барлық тұрғындарының НАЗАРЫНА! Тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі айлығының өткізілуіне байланысты  Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы мемлкеттік өрт қадағалау  бөлімінің және Екібастұз қаласының «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен өрт болған немесе өрттен қауіп төнген жағдайда  тұрғындарды әрекет жасауға оқыту мақсатында жеке меншік секторларда үй басы аралау өткізіледі.

 

            Екібастұз қаласының

            ТЖБ МӨҚБ бастығы

өртке қарсы қызмет подполковнигі                                                      А. Бұқаев

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза