Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздық «Шахтер» саябағында жаңа бассейн ашылды

ERG компаниясымен жасасқан меморандум аясында Екібастұз қаласының «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында апта соңына дейін тегін болатын жаңа бассейннің ашылу салтанаты өтті.
Бүгінгі жүзу алаңы көптеген балақайларға қуаныш сыйлап, ата-аналарымен бос уақыттарын тиімді өткізуге септігін тигізеді деген үміттемін. Барлықтарыңызды құттықтаймын. Еліміздің жұлдызды спортшылары осы жерден жаттығып шығатынына сенімдімін, - деді мердігер ұйым «Связь деталь» ЖШС басшысы Қайрат Қақашин.
«ЕЭК» АҚ «Восточный» разрезінің өкілі Рустам Маманжанов атап өткендей, мұның барлығы күн санап көркейіп жатқан қаламыз бен тұрғындарымыз үшін жасалуда. Балалардың жүзіндегі қуаныш жиналғандарға жылылық сыйлайды.
Бассейннің тереңдігі 1.5 метрді құрайды. Шомылу үшін саябақтағы медициналық пунктен тексерілу керек немесе міндетті түрде өздерімен бірге денсаулығы туралы анықтама болу шарт. Жұмыс уақыты 12:00-ден кешкі 20:00-ге дейін.
Бассейн жылдың ыстық мезгілінде жұмыс істейді.