Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздық «Қайнар» кешенінің жас таланттары халықаралық жарыстардан 66 медаль иеленді

Екібастұз қаласындағы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің оқушылары жазғы демалыс кезінде халықаралық жарыстардан 66 медаль еншіледі.

Бұл туралы «Қайнар» кешені директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлбану Қалиева хабарлады.

- «Дизайн ПРО» шығармашылық студиясы «Жаңа ұрпақ» көпжанрлы халықаралық фестиваль-конкурсында төрт бірінші орынды қанжығасына байлады, - дейді Гүлбану Қабиева. – Сондай-ақ, Злата Гапоненко есімді қызымыз 1340 қатысушының арасынан ЮНЕСКО Шығармашылық академиясының клубында оқуға халықаралық грант ұтып алды. «Очарование» хореографиялық ансамблінің 25 таланты «Mega talent competation» байқауында бірінші орынды иеленді. Бұдан бөлек, 36 оқушымыз «Голубой залив» фетивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Облыстық және республикалық чемпионаттардан да жетістіктеріміз көп.

Айта кетейік, бүгінде «Қайнар» кешені 2300-ден астам баланың бос уақытын қамтуда. Жыл бойы балалар түрлі бағыттағы 35 үйірмеге тұрақты келіп тұрады.