Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласындағы медиация күні

Медиация күніне қарай Қазақстанның түпкір- түпкірінде «Республикалық бірыңғай медиация күні» өткізілуде.    

«Республикалық бірыңғай медиация күні» акциясы шеңберінде Екібастұз қаласында да 2018 жылдың 1 тамызында Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н. Нефедованың төрағалық етуімен Достық үйінде «Медиация-қоғамдық келісім кепілі» атты ақпараттық іс-шара өткізілді.  

Аталған іс-шараға прокуратураның, қалалық соттың, әділеттің,  «Нұр Отан» партиясының, этномәдени бірлестіктердің және жастар бастамасының, Қоғамдық келісім кеңесінің, аналар кеңесінің, ардагерлер, кәсіби және кәсіби емес қоғамдық медиаторлардың өкілдері қатысты.  

Екібастұз қалалық сотының судьясы М. Асембаева «Примирительные процедуры в суде» пилоттық жобасымен таныстырды, сондай-ақ Екібастұз қаласы бойынша кәсіби емес медиатор Т.Абрамова медиация саласындағы тәжірибе туралы айтып берді.  

Ақпараттық іс-шараның соңында қатысқандар үшін блиц-пікіртерім ұйымдастырылды.

Осы акция шеңберінде кәсіби емес медиатор азаматтардың қабылдауын жүргізді. Тілек білдірген адамдар өз көкейлеріндегі сауалдармен медиаторға жүгінді.

  

 

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының

 мемлекеттік-құқық бөлімі