Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жумадилова Дария Ертайқызы: Жол

Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Сіздің бастамаңызбен биыл қаланың шеткі шағынаудандарының кварталішілік жолдарына асфальт төселді. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 900 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінгенін, оның мақсатты жұмсалғанын жергілікті баспасөзден оқып-білдік. Осы іске бастамашы болған сізге осы шағын аудандардың тұрғындары дән риза. Ендігі өтініш, 168-кварталдағы "Батыр" дүкені мен "Күзетке" дейінгі аралықта тротуар керек. Көктем-күз айларында осы арадағы жолдың миы шығып езіліп кететіндіктен автобус аялдамасынан түскен бетте жолдың қарсы жағына өте алмай, шалшықты кешіп өтуге мәжбүрміз. Қайрат Теміршотұлы, осы өтінішімізді аяқсыз қалдырмайсыз деп сенемін.

Құрметті Дария Ертайқызы! Сіздің өтінішіңіз назарға алынды! Нәтижесі жөнінде қосымша хабарлаймыз.