Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдың және көлеңкелі экономиканың кейбір мәселелері туралы» күн тәртібімен өткен дөңгелек үстел отырысында қабылданған қарар

2013ж. 17 қыркүйек

 

Біз, дөңгелек үстелге қатысушылар, құқық қорғау, қадағалау, мемлекеттік органдарды, депутаттық корпусты, қоғамдық үкіметтік емес ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын ұсынатындар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және көлеңкелі экономика мәселесін талқылай келе мына жайларды айтып өту қажет деп есептейміз:

Елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту кезеңінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және көлеңкелі экономика ерекше өткір мәселе болып отыр. Сондықтан да біз жемқорлықтың дамуына тосқауыл болатын әсерлі шараларды қалыптастыру жолында жалпы мемлекет пен қоғамның бұдан арғы бірізді де жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін және оның орындылығын толық сезіне отырып, тегіс қолдаймыз. 

Осы орайда, біз өңір тұрғындарын жемқорлыққа қарсы күресте белсенді азаматтық көзқарас танытуға, әрі жемқорлықты алға өрлеуімізге кедергі болатын әлеуметтік зұлымдық деп қабылдауға шақырамыз.             

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымды, азаматтарымыздың құқықтық тәрбиесін, заң алдында баршаның теңдігін қалыптастыру бойынша құқық қорғау, мемлекеттік органдардың, депутаттық корпустың, азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының мойнында тұрған  жауапкершілікті түсінеміз.

Дөңгелек үстелге барлық қатысушылардың күнделікті, кәсіби және де жүйелі жұмысы жемқорлықтың қандай да болсын көріністерін түбегейлі жоюға септігін тигізеді деген ойдамыз.         

 

 

 

Қарар 2013 жылғы 17 қыркүйекте

дөңгелек үстел отырысына

қатысушылармен бірауыздан қабылданды