Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда «Мектепке жол» акциясы бастау алды

Мерекелік шараның ашылуында сөз алған қала әкімі Қайрат Нүкенов игі іске атсалысқан барлық жанашыр жандарға алғысын білдірді.

Жаңа оқу жылының алдында оқушыларды мектепке дайындап, жақсылық жасау – біздің азаматтық борышымыз деп білемін. Бүгінгі оқушылар – еліміздің ертеңгі болашағы. Шараға алғашқы болып қолдау білдірген қалалық мәслихат депутаттары мен «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне көптеп-көп рахмет. Сондай-ақ, барлық кең жүректі азаматтарды осы акцияға қатысуға шақырамын, - деді Қайрат Нүкенов.

Айта кетейік, қаладағы ірі сауда орталықтарында жаңа кеңсе заттарын алуға арналған контейнерлер қойылады. 25 тамыздан бастап «Шахтер» саябағында әлеуметтік мектептік жәрмеңке ұйымдастырылады.

Көмекті қажет ететін балалар туралы мағлұматты әр мектепте акция бойынша ұйымдастыру комитеті бере алады. Қосымша ақпаратты 74-03-80, 77-54-78 телефондары арқылы немесе Екібастұз қаласындағы Павлодарская көшесі, 10, кабинет №2 мекенжайынан алуға болады.