Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Есенбаева Перизат Амировна: ТОО "Вершина"

Осы жылдың 6 маусымында 19 жасар ұлым Ахунов Асқар Нурланович Вершина ЖШС- не қарасты кірпіш зауытында өндіріс жарақатын алып, екі саусағынан айырылды. Екібастұз қаласы бойынша еңбек инспекторы, қалалық прокуратура, №3 емхана, қалалық ішкі істер бөлімдеріне айтар назым көп. Еңбек инспекторы "шу шығарма", прокуратура істі тексеруді облыстық еңбек инспекторына, №3 емхана екі саусағынан айырылған науқасқа "жеңіл" диагноз қойса, ішкі істер бөлімі қылмыстық істі қолға алмай отыр. Жергілікті "Нұр Отан" партиясының филиалы "Біздің қолымыздан не келеді?" деп шарасыздық танытуда. Алдағы үмітім Сізде, құрметті Александр Федорович!

Екібастұз қаласы әкімінің сайтына келіп түскен Екібастұз қаласының Атығай кентіндегі «Вершина» ЖШС кірпіш зауытының аумағында 2013 жылғы 06 маусымда сағат 07.10 шамасында орын алған жұмыс орнында 1993 ж.т. ұлы А.Н.Ахуновпен сәтсіз оқиға болған фактісі бойынша сіздің өтінішінізге келесіні хабарлаймын:

Осы факт бойынша Екібастұз қаласының ІІБ ТБ тергеушісі Ж.М.Касымов ҚР ҚК 152-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу жүргізу барысында қылмыстық істің материалдарына өндірісте сәтсіз оқиға туралы «Вершина» ЖШС өткізілген азамат А.Ахуновтың денсаулығына орта дәрежедегі зиян келтірілгені көрсетілген арнайы тергеу қорытындысы қосылды.

Тергеу толықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Екібастұз қалалық орталық ауруханасынан келтірілген зиянның ауырлығы дәрежесін анықтау үшін келешекте сот-медициналық сараптамасын өткізуге жәбірленуші А.Н.Ахуновтың ауру тарихы алынды.

Осымен қатар, жәбірленуші А.Ахунов Екібастұз қаласының 3-ші емханасында емделіп жатқанын ескере отырып, Екібастұз-Баянауыл МРО сарапшысынан А.Ахуновтың емделгеннен кейін барлық медициналық құжаттарын ұсыну туралы өтініш келіп түсті.

Алдын ала тергеу мерзімі аяқталғанын есепке алып, қылмыстық іс тоқтатылды және Екібастұз қаласының прокуратурасына жіберілді.

 

Бастық                                                                                       Д.Сиразидимов