kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен келуі

           2013 жылдың 13 қыркүйегінде Павлодар облысының әкімі  Ерлан Арын жұмыс сапарымен Екібастұз қаласы ауылдық аймағының өндірістік нысандарында болды.

  Өңір басшысы алдымен салынып жатқан объектілерде – «Аяқ-Қоджан» кен байыту фабрикасында және үйінділеп сілтілеу учаскесі бар селективтік экстракция әдісімен мыс және электролиз (SXEW) өндіретін зауытта болды. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша іске асырылатын «Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС-нің негізгі қызметі – жылдық қуаты жылына 500 мың тонна болатын қатты пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу. Құрылыс кезінде 150 жұмыс орнын, пайдалануға берілгеннен кейін 300 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарда. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығынан бастап фабриканы іске қосу көзделуде. Үйінділеп сілтілеу учаскесі бар селективтік экстракция әдісімен мыс және электролиз (SXEW) өндіретін зауытын пайдалануға енгізу 2014 жылдың маусым айына жоспарланып отыр. Өндіріске арналған жабдықтар Ресейден, Белоруссиядан, Қытай мен Израильден әкелінді. Зауыттың өндірістік қуаты – жылына 3 мың тонна сульфидтік және оксидтік кен өндіру. Жалпы жұмыс орнының саны – 126 адам.

           Ерлан Мұхтарұлы жұмыс сапары барысында Ә. Марғұлан атындағы ауылдың Ақсақалдар кеңесі ардагерлерімен кездесіп, ауыл тұрғындарын жоғарыда аталған зауыт пен фабрикаға жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуді осы бастан қолға алу қажеттігін және ауыл шаруашылығын дамытуды айтып өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарының атынан зейнеткер Сүлейменова Майдаш өңір басшысына балалар ойын алаңқайын салуды өтінсе, ардагерлер атынан ардагерлер кеңесінің төрағасы Захар Иванович ауылдық ФАП-қа жеке ғимарат беру мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Барлық айтылған мәселелер бойынша Е. Арын тиісті құрылымдық бөлімшелерге нақты тапсырмалар берді.

Осы сапар барысында аймақ басшысы Исабек ишан Хазірет кесенесінде, Ақкөл ауылындағы ескерткіш аллеясында болып, Исабек ишан Хазірет атындағы қорғаншылық кеңесі мен қорының қолдауымен салынған ауыл мешітінің жанындағы асхананың салтанатты ашылуына қатысты.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза