Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шиқылдақ ауылдық округі

«Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

 

Еңсебаева Гүлнәр Төлеубайқызы 1967 жылдың 18 қаңтарында Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Комсомол» кеншарында дүниеге келген. Жоғары білімі бар.

2012 жылы Павлодар қаласынының Инновациялық Еуразия университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы Екібастұз ауданының  тұтынушылар қоғамы Комсомол сатушылар бірлестігінде сатушы болып бастады.

1995 жылдан 1997 жылдар аралығында Комсомол ауылдық округі әкімінің аппаратында бас бухгалтер болып жұмыс істеді.

1998 жылы Комсомол орта мектебінде зертханашының қызметін атқарды. 

1999 жылдан 2001 жылдар аралығында Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінде іс жүргізуші болып жұмыс істеді.

2001 жылы «Екібастұз қаласы Комсомол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ маманы болып қызмет етті.

2002 жылдан 2012 жылдар аралығында «Екібастұз қаласы Комсомол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  бас маманы болып қызмет етті.

2013 жылдың 3 қаңтарынан наурыз айының 26 дейін «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ  құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді енгізу бөлімінің  бас маманының қызметін атқарды.

         2013 жылдың 26  наурызынан тамыз айының 8-не дейін  «Екібастұз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер  бөлімі» ММ  мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жүргізу  секторының бас маманы болып қызмет атқарды.

2013 жылдың 8 тамызынан Шиқылдақ ауылының әкімі қызметіне тағайындалды.

 

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 141221, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Шиқылдақ ауылы, Абай көшесі, 15/1-үй

Электрондық мекенжайы: shikildak@mail.ru

Телефоны: 8 (7187) 745075         

Азаматтарды жеке қабылдау апта сайын  

сейсенбіде сағ.15.00-ден 17.00-ге дейін,

бейсенбіде сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін ,

жұмада сағ. 16.00-ден 18.00-ге дейін  жүргізіледі. 

 

ӘЛЕУМЕТТІК ПАСПОРТ

Шиқылдақ ауылы

(әкім  – Еңсебаева Гүлнәр Төлеубайқызы, 1967 жылы туған,

осы лауазымда 2013 жылдың 8 тамыз айынан бастап істейді)

 

Ауылдық округтің аумағы (кв.км)

116,0

Елді мекендер саны (бірл.)

1

Халық саны (адам)

505

Сайлаушылар саны (адам)

264

Зейнеткерлер саны (адам)

соның ішінде ҰОС-ның қатысушылары (адам)

46

-

Атаулы көмек алатын тұлғалар саны

-

Еңбекке қабілетті тұрғындар саны (адам)

290

ЖҚО тіркелген жұмыссыздар (адам)

3

Мектептер саны (бірл.)

1

Мұғалімдер саны (адам)

21

Оқушылар саны (адам)

76

Денсаулық сақтау нысандарының саны (бірл.)

1

Медқызметкерлер саны (адам)

2

Спортзалдар, спорткешендері (бірл.)

1 (школьный)

Кітапханалар (бірл.)

2

Клубтар, МҮ (бірл.)

1

Шаштараздар (бірл.)

-

Тігін цехтары (бірл.)

-

АЖМҚС (бірл.)

-

Сауда орындарының саны (бірл.)

1

Дайындау пункттерінің саны (бірл.)                                                                     

-

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу нысандары  (бірл.)

-

Аула саны (бірл.)

107

Мал ұстамайтын аулалар саны (бірл.) %

3

(2,8 %)

Ауыл шаруашылық құрылымдарының бары (бірл.):              ЖШС

                         ШҚ

 

-

28

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (бірл.)

-

Мал саны (басы), соның ішінде:

 

ІҚМ

2586

соның ішінде сиыр

1500

жылқы

1832

шошқа

 

қой, ешкі

3437

құстар

315