Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз – «Туризм PVL - 2018» көрмесінің жеңімпазы

Павлодар қаласында «Ертіс думаны» мерекесі шеңберінде «Туризм PVL - 2018» V өңірлік көрмесі өтті.

     «Туризм PVL - 2018» көрмесінің бағыттары: санаториялық және сауықтыру демалысы, танымдық, экологиялық, спорттық туризм, қолөнершiлiк және кәдесыйлық өнімдер.

    Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандары, сондай-ақ  туристік фирмалар өздерінің жаңа туристік  бағыттарымен стендттерін көрсетті.

     Көрмеге облыс қалалары мен аудандарының  әкімдіктері, Мойылды санаторийі, Баянауыл ұлттық паркі, Ертіс орманы табиғи резерваты, туристік фирмалар және тағы басқалары қатысты.

       Көрмеге басқа өңірлер, яғни  Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары қонақ ретінде қатысты.

       Нәтижесінде «Үздік жарнама-ақпараттық топтамасы» номинациясы  бойынша бірінші орынды Екібастұз қаласы мен «Анара Компани -ПВ» туристік фирмасы  иеленіп  көрме жеңімпазы болып танылды. «Көрмеге арналған үздік стенд» номинациясы бойынша  Баянауыл ұлттық табиғи паркі мен Май ауданы бірінші орынды иеленді.