Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімі «Рухани жаңғыру» бойынша баспасөз конференциясын өткізді

Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов өңірлік коммуникациялар қызметінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша журналистермен баспасөз конференциясын өткізді.

Өзінің есебінде қала әкімі Екібастұз өңірінде 2018 жылы 16 жобаның іске асып жатқандығын атап өтті.

- «Тәрбие және білім» бойынша өңірімізде Шіркін, life», «Сарқылмас қазына», «Дарын», «Жанұя», «Поколение Next», «Туған өлкем», «Навигация в мире профессий», «Шектеусіз балалық шақ», «Сүйікті мектебім» сияқты жобалар жүзеге асуда.  «Туған жер» арнайы бағдарламасы аясында «Ана ұлағаты», «Өмір» оңалту шығармашылық орталығы, «Альтернатива», «Екібастұз» Балалар қоры» сияқты үкіметтік емес ұйымдар  «Реализуй себя», «Психосоциальный кабинет», «Тәрбие басы - тал бесіктен», «Сәттілік сатысы» атты жобалармен жұмыс жасауда, - деді Қайрат Нүкенов.

Қайрат Нүкенов атап өткендей, биыл Екібастұз қаласында 20 көшенің атауы ауыстырылды. Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлына ескерткіш орнатылады. «Өнер» орталығында ай сайын қазақ фильмдерінің тегін көрсетілімі болады.

Сонымен қатар, «Қымбат менің тілім, салтым, тарихым» жобасы бойынша  «Жаңғыру жазудан басталады», «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау» сияқты ауқымды іс-шаралар атқарылуда.

Өз кезегінде журналистер шаһар басшысына жаңа мектептің құрылысы, аулаішілік жолдардың жөнделуі мен қаланың жылыту маусымына дайындығы жайлы да сұрақтарын қойды.

 

Фото: Рымбек Егінбайұлы