Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Мектепке жол» республикалық акциясына қатысыңыз!

Екібастұз қаласында 1 тамыздан бастап «Мектепке жол» атты дәстүрлі республикалық акция өтеді. Акция ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін болады.

Акция мақсаты - аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.

Өмірдегі қиын жағдайға ұшыраған балалардың тағдырына немқұрайлы қарай алмайтындар мен барлық жанашыр жандарды «Мектепке жол» акциясының толық қатысушысы  болуға шақырамыз.

Кез келген мүдделі тұлға, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар, шаруашылық жүргізуші субъектілер, жеке тұлғалар,  еріктілер және басқалары акцияға қатыса алады.

Мұқтаж балаға мектепке жиналуға көмек  беретін балалар туралы мағлұматты әр мектепте акция бойынша ұйымдастыру комитеті бере алады.

Қосымша ақпаратты 74-03-80, 77-54-78 телефондары арқылы немесе Екібастұз қаласындағы Павлодарская көшесі, 10, кабинет №2 мекенжайынан алуға болады.

Балаларға немқұрайлы  болмаңыздар!

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі