Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысында екібастұздықтардың табысы жоғары

Павлодар облысында ең жоғарғы жалақы Екібастұз қаласында тіркелсе, ең төменгісі – Май ауданында.

Бұл туралы облыстық Статистика департаменті хабарлады. Павлодарлықтардың қаңтар-наурыз айларындағы орташа жалақысы 133 905 теңгені құраса, республикадағы көрсеткіш – 152 442 теңге.

- 2017 жылмен салыстырғанда 9,8% өсім тіркелді, - дейді департаментте. – Ең жоғарғы жалақы Екібастұз қаласында – 166 564 теңге. Ең төменгісі Май ауданында – 76 029 теңге. Негізінен қаржы және салық саласының қызметкерлерінің табысы үлкен болып есептеледі – 181 171 теңге (республикада 298 974 теңге). Ал, ең төменгі жалақыны ауылшаруашылық, орман және балық шаруашылығының қызметкерлері алады – 82 033 теңге (республикада 80 049 теңге).

Айта кетейік, 2018 жылы жұмыссыздық деңгейі облыста 4,8% құрады. Ал, табыс көзі 4,7% көрсеткішіне дейін өскен.