Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жерлестер жеңіс тұғырында!

Өткен аптада кеншілер шаһарында ХХІ облыстық спартакиада өтті.

25-27 шілде аралығында өткен жарысқа Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандары мен Ақсу, Екібастұз ауылдық аймақтарынан және Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларының жекелей командалары бақ сынады.

Ерлер мен әйелдер арасында волейбол, стритбол, асық ату мен арқан тартыс бойынша сайыстар өткізілді.

Тартысқа толы болған спорт бағдарламасында жерлестеріміз намысты қолдан бермей, 980 ұпаймен Екібастұз қаласының құрама командасы 1 орынды қанжығасына байлады. 972 ұпаймен Павлодар қаласы 2 орыналса, 960 ұпай санымен Ақсу қаласының командасы 3 орынды қанағат тұтты.

Аталмыш спорт додасы Павлодар облысының 80 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Ел абыройын асқақтатқан спортшыларымызды құттықтаймыз.