Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мүмкіндігі шектеулі екібастұздық кәсіпкер фанер мен матадан жүздеген бұйым жасайды

Виктория Волошинаның есту қабілеті бұзылған. Ол үшінші топтағы мүгедек. Дегенмен, бұл мүмкіндігі шектеулі шеберге өзінің таңғажайып бұйымдарын жасауға кедергі жасамайды.

Арнайы лазерлі құрылғыда кәсіпкер ағаш, мата, пластиктен түрлі фигураларды құрап шығады. Мысалы, екібастұздық шебер алты сағаттың ішінде Эйфель мұнарасының бір метрлік нұсқасын жасаған.

- Есту қабілеті бұзылғандықтан Викторияға жұмыс табу қиынға соқты, - дейді оның өмірлік жолдасы Максим. – Сондықтан, ол маған өзіне ыңғайлы жұмыс тауып беруін өтінді. Интернет арқылы іздеп, өз күшімізді салып жеке ісімізді бастап кеттік. Кейін Виктория «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша оқып алды. Енді лазерлі құрылғыны суытатын жабдық пен дөңгелек бұйымдарды нақышына келтіру үшін бұрылмалы механизмды алуды жоспарлап отырмыз. Оған 240 500 теңге қажет.

Болашақта Виктория жеке офисін ашуды көздеп отыр. Қазіргі уақытта кәсіпкер өзінің бұйымдарын Instagram мен радио арқылы ұсынып жүр.