Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздағы музыка мектебіне Естай Беркімбайұлының есімі беріледі

Екібастұз қаласындағы М. Глинка атындағы балалар музыка мектебі  ақын, әнші, композитор, атақты жерлесіміз Естай Беркімбайұлының есіміне ауыстырылады.

Бұл мәселе Павлодар облысының әкімдігінде өткен мәслихаттың кезекті сессиясында көтеріліп, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Железин ауданының Березовка ауылын Ақтау ауылы деген атаумен және Лебяжі ауданының Аққу ауылы мен Лебяжі ауылдық округі  Аққулы деп  қайта аталсын. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен зиялы мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктеледі, - облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлсара Кокина.

Бұдан басқа, Екібастұз қаласындағы балалар музыка мектебіне көрнекті әнші, ақын-сазгер, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері  Естай Беркімбайұлының есімі берілді. Қазіргі таңда мұнда 15 мамандық бойынша 600-ден астам бала білім алады.

Айта кетейік, биыл Естай Беркімбайұлының 150 жылдығы кең көлемде тойлануда. Өткен аптада композитордың мерейтойы туған жері Қаражар ауылынан бес шақырым жердегі Әулиекөл жағасында өтті. 30 киіз үйден құралған этноауылда шығармашылық интеллигенцияның қатысуымен  диалог алаңы мен республикалық аспапты ән фестивалі ұйымдастырлды. Сондай-ақ, Екібастұз өлкетану музейінде ақынның құрметіне зал ашылды.