Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Төрт-Құдық ауылында «Тең мен тең – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі» өтті

2018 жылдың 24 шілде күні Екібастұз қаласының Төрт-Құдық ауылында «Тең мен тең – мемлекеттік көрсетілетін  қызметтердің жәрмеңкесі» өткізілді.

Жәрмеңкеге Екібастұз қаласы әкімдігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Қ.Ж.Рахимбеков, бас маманы Т.Т.Даирова,Азаматтық хал актілерін тіркеу және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің бас мамандары Ә.М.Сүлейменова мен А.Сәрсенова, Мемлекеттік корпорацияның маманы С.Т.Теміржан қатысты.

Жәрмеңке кезінде тұрғындарға 14 электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ) берілді, 20-дан астам мемлекеттік қызметтер көрсетілді. 27 азаматмемлекеттік қызметтерді алу мәселесімен жүгінді. Оның ішінде 18-і «Электронды үкімет» www.egov.kz. веб-порталын пайдалану бойынша оқудан өтті.

Жәрмеңке бейнеролик көрсетумен, жаднамалар және кітапшалар таратумен сүйемелденді.

Бұл іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуды насихаттау және тұрғындарды «Электронды үкімет» порталын пайдалануға үйрету.