Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жәдігерлер жұрт назарына ұсынылды

21 шілде күні күні ақын, әнші, композитор, атақты жерлесіміз Естай Беркімбайұлының 150 жылдық мерейтойы кең көлемде мерекеленді. Ауқымды шара Екібастұз тарихи-өлкетану музейіндегі Естай Беркімбайұлына арналған залдың ашылуымен басталды.

Естай бабамыздың ұрпақтары, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов бастаған бір топ делегация мен зиялы қауым өкілдеріне музей қызметкерлері экскурсия жасады.

Залда суретші Жасыбай Қабылденов салған ақынның портреті, жергілікті және Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейлері қорында сақталған тарихи фотосуреттер ілінген. Сонымен қатар, әнші-сазгер көзі тірісінде тұрмыста қолданған ағаш табақ, себет пен чемодан сияқты заттары орналасқан. Айта кетейік, 1939 жылы Естай бабамыз Алматыдағы Жазушылар Одағының съезіне барғанда, екі қара чемодан әкелген. Оның бірін туған немересі Зекен апаға берсе, екіншісін немере інісі Қыздарбек атаға қалдырған. Қыздарбек атаның қолына қалған қазыналы жәдігер де осы залға қойылды. Сондай-ақ, Естай атамыздың екі домбырасы, шапаны, ер тоқым, қамшы сынды бұйымдары мен мүсіндері бар.