Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Алданов Қожакелді Тоқберген: шағым хат

Құрметті Қайрат Нүкенов мырза! Бізді алаңдатан мəселе Солнечный кенті Конституция көшесіндегі 10 үй жанындағы жол ортасындағы кəріз жүйесінің қақпағы бұдан үш ай бұрын белгісіз себептермен жоғалған. Сол уақыттан бері ол жер бетон плитамен жабылған. Бетон плитасының көлемі үлкен болғандықтан, жолмен өтетін көліктерге кедергі келтіріп, көліктердің соққысы нəтижесінде бүгінде ол бетон плита бірнеше бөлікке бөлініп кеткен. Көп жағыдайда көліктің сырғытып кетуі нəтижесінде кəріз жүйесі ашық қалады. Бұл адам (балалар) өмірі үшін қауіпті! Осы мəселеде көмек беруіңізді сұраймыз. (Бұл мəселе бірнеше рет Екібастұз қаласы əкімдігінің фейзбуктегі парақшасына жолданған болатын. Бірақта ешқандай өзгеріс болмады). Құрметпен Қожакелді АЛДАНОВ. Солнечный кенті тұрғыны.

Құрметті Қожакелді Тоқберген! Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, кәріз жүйесінің қақпағын ауыстыру туралы түскен Сіздің өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

2018 жылы 19 шілдеде «Горводоканал» МКК Конституция 10 даңғылы бойындағы бетон плитамен жабылған кәріз жүйесінің қақпағын темірден жасалған стандартты қақпаққа ауыстырды.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.