Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсету мәселесі бойынша оқыту семинары

2018 жылғы 13 шілдеде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасының ғимаратында оқыту семинары өткізілді.

Осындай семинарлар бекітілген кесте бойынша Мемлекеттік корпорациямен бірлесе Екібастұз қаласы әкімдігінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің мамандарымен өткізіледі.

Аталған іс-шаралардың мақсаты Екібастұз қаласы азаматтарының «Электрондық үкімет» веб-порталын қолданудағы деңгейін жоғарылату және көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру.